(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНДАҒЫ 30 %-ДАН АСТАМ ҰШПА ЗА...

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 6 қаңтардағы

№ 2 бұйрығына

1 қосымша

 

Осы редакция 2021 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Жылу электр станцияларындағы 30 %-дан астам ұшпа заттардың шығуымен қоңыр

көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормаларын есептеу

әдістемесі

 

1 бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Жылу электр станцияларында 30 %-дан артық мөлшерде ұшқыш заттар шығаратын қоңыр көмірді жағу кезінде газ-мазутты отын шығынының нормасын есептеу Әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Аталмыш Әдістемеде келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) қазандықтың бу өнімділігі - агрегат бір сағаттың ішінде өндірген бу көлемі;

2) қождау - күлдің жұмсарған бөлшектерінің кететін газдардың жүрісі бойынша қазандықтың қызатын бетіне жабысуы;

3) қожды кетіру - булы қазандықтың оттығынан қатты отынды жағу кезінде түзілген, ошақтық қалдықтарды кетіру;

4) отынның номиналды шығыны - номиналды жүктеме кезінде қазандықпен шығындалған, отын мөлшері;

5) қазандықтың номиналды жүктемесі - отынның жану жылуы бойынша пайдалы әсер коэффициенті (бұдан әрі - ПӘК) ескермегендегі қазандықтың толық қуаты;

6) отынның қызу шығару мүмкіндігі - отын толық жанған кезде бөлінетін, жылу мөлшері;

7) диірмендердің өнімділігі бойынша қор - бірден үлкен коэффициентті және ұнтақтаудың белгіленген жұқалығын пайдалану кезіндегі пайдалы қуаттың бір бірлігіне шаққандағы, өнімділік; 8) шаң дайындайтын қондырғы - қазандыққа түсетін отынды дайындауға арналған, құрылғы.

Аталмыш Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес қолданылады.

 

 

2 бөлім. Қолданылу саласы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.